Тест: Рахмет әлде рақмет? Грамматиканы қаншалықты білесіз?

Рақмет пе, рахмет пе? Көкейкесті немесе көкейтесті? Бұл сөздерді күнделікті тілдік қолданыста дұрыс пайдаланып жүрміз бе? Грамматиканы "беске" білесіз бе? Тест арқылы анықтап көріңіз.

0%

Мекен-жай немесе мекенжай? Дефис қойыла ма?

Дұрыс! Қате!

Дұрыс нұсқасы - мекенжай. Біріккен сөздің арасына дефис қойып, бірлікті бұзудың қажеті жоқ.

Рақмет әлде рахмет, қай нұсқа дұрыс?

Дұрыс! Қате!

Тіл комитетінің басшылығымен 2007 жылы шыққан «Орфографиялық сөздігінің 331-бетінде бұл сөз «рақмет» деп жазылған.

Жоғары немесе жоғарғы оқу орны, тілдік қолданыстағы қай нұсқа дұрыс?

Дұрыс! Қате!

«Жоғары оқу орны» болуы тиіс. Өйткені «жоғарғы» дегенде, ол анықтауыштық-анықтағыштық мағына күшейтіп, «-ғы» деген қосымша күшейтіп тұр. «Жоғарғы сөре» болуы мүмкін, «жоғарғы жақ» болуы мүмкін, «жоғарғы сот» болуы мүмкін. Ал оқу орны «жоғары» сөзімен тіркесіп қолданылуы керек.

Қосымша дұрыс жалғанған нұсқаны табыңыз

Дұрыс! Қате!

Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, әрқашан өз қалпын сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі

Қай формадағы сөз дұрыс?

Дұрыс! Қате!

Әдеби тілде бекітілген норма бойынша "немқұрайды" деген форма дұрыс.

Қосымша дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз

Дұрыс! Қате!

ск, кс, кт, нг, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталған сөздерге де, соңғы буынның жуан не жіңішкелігіне қарамастан, қосымша жіңішке жалғанады. Мұнда бұл дыбыс қатарларының ішіндегі к, г дыбыстарының жіңішкелігі де әсер етеді.

Ауыс-түйіс vs ауыс-күйіс, қайсысын қолдану керек?

Дұрыс! Қате!

«Ауыс-түйіс» деген әдеби нормада бекітілген. Ал «ауыс-күйіс» деген қолданыс жоқ. Сондықтан, абай болған абзал. Ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де «ауыс-түйісті» қолдануға дағдылану керек.

Әдеби тілде бір түбірден тараған мына сөздердің қайсысы қолданылмайды: Риза, ырза, разы

Дұрыс! Қате!

Бір сөздің екі не одан да көп болып келетін нұсқалары болады. Табиғаты жағынан мұндай қатарлардың біркелкі емес екенін ескеру қажет. Кейбір вариант қатарларының екеуі де (кейде үшеуі, төртеуі де) қолданыла беруі мүмкін. Мысалы, әдеби тілдің өзінде бір түбірден өрбіген разы, риза, ырза деген үш түрлі тұлғаның үшеуі де жұмсалады

Орфографиялық нормаға сай жазылған қатарды көрсетіңіз

Дұрыс! Қате!

Орфографиялық ережеде цифр арқылы жазылатын есептік саннан кейін ешқандай белгі қойылмайды, ал реттік сан араб цифры арқылы жазылса, саннан кейін (-) қойылады

Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

Дұрыс! Қате!

1988 жылы жарық көрген орфографиялық сөздікте және соңғы сөздіктерде таңғалу, таңғалушылық, таңғажайып болып көрсетілген. Орфографиялық ереже бойынша осылай жазылу керек.

Тест: Рахмет әлде рақмет? Грамматиканы қаншалықты білесіз?
WOW! Керемет көрсеткіш!

Жарайсыз! Сіз өте сауатты екенсіз.
Жаман емес!

Жақсы көрсеткіш! "Бестікке" сәл жетпей қалдыңыз)
Сізге грамматиканы оқу керек!

Уақытыңыз болса, тағы бір қайталап шығыңыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: