«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Қан тапсыру — донорлық рәсім. Донордан алынатын қанның стандартты мөлшері — 450 мл. Ересек адамнан қанның аталған мөлшерін алу оның хәлі мен физиологиялық қызметтеріне еш әсер етпейді.
Қан тапсырмас бұрын донор дәрігерлік тексеруден өтеді. Сондықтан, оның денсаулығына келер зиян жоқ. Тіпті, науқастан аздаған мөлшерде қан алу оған сауықтырушы ықпал етеді.
Қан қауіпсіздік үшін бір рет қана қолданылатын, зарарсыздандырылған гемаконға алынады. Гемакон дегеніміз — қанның емдік қасиетін жоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалдан жасалған ыдыс.
Донордан алынған қан, қанды айналдыру үшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі. Онда қаннан плазма,тромбоцит және эритроцит концентраты деп аталатын негізгі үш компонент алынады.
Донорлық қан болмаса, қан ауруына, онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес. Қазір әлемнің 62 елінде қан донорлығы ақысыз жүргізіледі. Яғни, донорлар тапсырған қаны үшін ақша сұрамайды.
Қазақстан Республикасының заңында ақылы донорлық қызметке де рұқсат етілген.
Еліміздегі көптеген тұрғындар қан тапсырған адам өз денсаулығына зиянын тигізеді деп ойлайды. Дәрігерлердің айтуынша, қан тапсыру донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық жағынан да пайдалы. Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, сан мыңдаған адам өз туысынан айырлымас еді.
Кәмелеттік жасқа толған, дені сау, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ Қазақстанның кез келген азаматы донор бола алады. Жүкті әйелдер, қан қысымы тұрақты емес адамдар, қаназдықтан зардап шегетін тұрғындар, сондай-ақ, 18 жасқа толмағандар мен жұқпалы аурумен ауыратын адамдар донор бола алмайды.
Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан алу шарасы арнайы қан орталығында жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады.
Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетіп отыр. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады.
Қан тапсырудың қандай пайдасы бар?
- организмнің нығаюы (апат кезінде, күюде, ауыр операцияда қан жоғалтуға тұрақтылық);
- қан түзеу үдерісін ынталандыруға байланысты жастық шақты ұзарту, организмнің қайта жаңғыруы;
- жүрек-қан тамыр жүйесі кеселдерінің профилактикасы;
- иммундық жүйе кеселдерінің, ас қорыту бұзылыстарының, атеросклероздың, бауыр ауруларының алдын алу;
- организмнен артық заттарды шығару;
- қан тапсырған мейірімді істен моралдық қанағат алу.
Мен шымкент қаласында тұрамын Донор болғым келеді
Ол үшін не керек
Гүлдана, қаладағы Қан орталығына барыңыз, куәлігіңізді ала барыңыз.