Қазақстан 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді

Келер жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне алғаш рет төрағалық етпек. Аталған халықаралық органмен табысты жұмыс істеуге ниеттіміз», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ол еліміздің бүгінгі экономикасы іскерлік ынтымақтастыққа үлкен мүмкіндік беретінін айтты.

«Біз шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды  нығайтуға мүдделіміз. Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа, Орталық Азия мен Қытай нарығына шығатын инфрақұрылым қалыптасты. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының, Еуропалық одақ пен Азияның көптеген елдері үшін визасыз режім енгізілді», — деді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version