Басты бет Жаңалықтар Тальго пойызының кемшілігі неде?

Тальго пойызының кемшілігі неде?

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Тальго» жүрдек пойызының кемшілігін жоюды тапсырды.

Фото: Мgorod.kz

«Қаңтар айында -40 градустық қатты аяздар болды. Сол кезде «Тальго»-ға қатысты бірқатар қиындықтар болды. Аталған мәселені қалай шешеміз?», — деді Ж.Қасымбек министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, Аталған мәселені ол жеке бақылауда ұстап отыр.

«Ауа температурасы төмендеген кезде екі оқиға болды. Ол кезде пневматикалық бақылау жүйесі істен шыққан болатын. Қазіргі кезде біз осы мәселені өндіруші компаниямен бірге пысықтап жатырмыз. Әрине, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге тырысамыз», — деп атап көрсетті Қ.Алпысбаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version