Ерлан Қожағапанов: Шетелдік футболшылар Қазақстанға тек баю үшін келеді

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов еліміздегі футбол саласының жемқорлыққа әбден батып қалғандығын айтты. Ол Қостанайдағы кей футболшылардың жалақысын естігенде таң қалғанын да жасырған жоқ деп жазады Наша газета басылымына сілтеме жасаған sn.kz.

Федерация президенті салада орын алып жатқан былықпен енді құқық қорғау органдарының айналысатынын ескертті.

«Маған шетелдік футболшылар, атап айтар болсам Балқаннан немесе Африкадан келген легионерлердің кейінірек Қазақстандағы күндерін аңсап сұхбат беретіні ұнамайды. Тілшілер неліктен мұндай тақырыпта сұхбаттасады? Өйткені, Қазақстанда легионерлерге көп жалақы берілетінін бәрі біледі. Бізде көп төлейді, бірақ, ойнамауға болады деген ұстаным қалыптасып қалған. Қазақстан чемпионатына баю үшін келеді, мұндай көзқарасты өзгерту керек. Жақсы ойыншыларды агенттердің көмегінсіз тапқан жөн, тікелей шығу керек. Мен бұл жайында «Ақтөбе» басшыларына да, өзге клубтарға да ескерткенмін», — дейді Қожағапанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 70 мың еуро жалақы алып ойнаған легионерлер бүгінде өзге клубтарда 9 мың еуроға доп теуіп жүр.

«Қазақстан чемпионатында 70 000 еуро жалақы алған ойыншылар бүгінде өзге чемпионаттардың екінші лигасында 9 000 еуро үшін ойнап жүр. Демек, олардың лайықты құны сол 9 мың еуро деген сөз. Неліктен ол біздің чемпионатта 70 мың еуро алады? Мұның бір ғана жауабы бар, ол — жемқорлық. Дегенмен, бұл былыққа енді құқық қорғау органдарының мамандары нүкте қояды», — деп атап өтті ҚФФ президенті.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» клубының сапындағы ойыншылардың жалақысын айтып, жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Мәселен, Данило Сирино — 57 000 еуро, Андерсон Сантана — 61 000 доллар, Данило Неко — 67 000 еуро, Маркос Пизелли 75 мың доллар жалақы алып отырған.

ДереккөзSkifNews
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ЖСДП мәжіліске өткен депутаттардың есімін атады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды.

Биыл 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы айтты.

Қазақстанда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде кейінгі тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Жеңіс Қасымбек: LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлімдеді.

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды.