Президент Әсет Исекешевті қабылдады

Кездесуде Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы айтылды.

«2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді», — деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті кездесу соңында нақты тапсырмалар берді.