13 ақпан: қар жауып, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның тек шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерде тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау облысында да тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version