Басты бет Жаңалықтар Қызылордада әнші Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылады

Қызылордада әнші Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.

Фото: РИА Новости

Руслан Рүстемов, сондай-ақ, биыл Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының артистері Ұлыбритания сахнасында өнер көрсететінін айтты.

«Барлық өткізілетін мерекелік шаралар осы жылдың басты оқиғалары Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналмақ», — деді ол.

Биыл әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығына әншінің мүсіні қойылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version