Басты бет13 ақпан:...

13 ақпан: қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанның тек шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерде тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау облысында да тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады.