Қазақстан футбол федерациясының президенті ауысты

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов ресми түрде отставкаға кетті. Енді алдағы төрт жылда ұйымды Әділбек Жақсыбеков басқарады.

Әділбек Рыскелдіұлы бұған дейін 2007-2014 жылдар аралығында отандық футболға жетекшілік еткен еді. Сол кезде клуб басшыларының шешімімен бірнеше арбитр төрешілік етуден өмір бойы шеттетілді.

2013 жылы қарағандылық «Шахтер» командасы Қазақстанның футбол тарихында ең бірінші болып еурокубок турнирінің топтық кезеңіне өтті. Ал келесі жылы Қазақстан бүкіл потскеңестік аумағында ең бірінші болып УЕФА конгресіне қабылданды.

ДереккөзInform.kz