Басты бет Жаңалықтар Қысқы Олимпиада-2018: фристайлшы Юлия Галышева қола медаль алды

Қысқы Олимпиада-2018: фристайлшы Юлия Галышева қола медаль алды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиадада Юлия Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Көрнекі сурет

Юлия Галышева финалдық кезеңде 77.40 ұпай жинап, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 балмен жетінші орынды алған еді. Екінші этапта  76.81 балмен алтыншы болды.

Үшінші финалдық кезеңде Юлия Галышева өзге бес қатысушымен, Анди Ноде, Жюстин Дюфуа-Лапуант (екеуі де Канадалық), Бриттни Кокс, Джакарой Энтони (екеуі де Австралиядан) және Перрен Лафонт (Франция) жүлделі орынға таласты.

Лафонт (78.65) Олимпиада чемпионы атанса, күміс жүлде Дюфуа-Лапуантке (78.56) бұйырды.

42 пікір

  1. Жарайсың ,Юля
    жатырмыз бідер қуанып,
    Қоржынның аузы ашылды
    Алтында түсер құба-құп
    Қола болса да,
    қоржынға түскен жүлдеміз
    Тек қана алға
    Біз сендермен біргеміз.

  2. Молодец Қазақсьанның даңкын көтеріп жатырсын жарайсын еш қашан ауырмай осы спортыңмен айналыса бер

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version