Басты бет Жаңалықтар Қысқы Олимпиада: фристайлшы Юлия Галышева финалда

Қысқы Олимпиада: фристайлшы Юлия Галышева финалда

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Қысқы Олимпиада-2018 додасында жарысын бастады.

Юлия Галышева. Сурет © Данияр Майлыбаев

Юлия Галышева 76, 36  ұпаймен жетінші орынды иеленіп, финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, іріктеу сайысында француздық Перрин Лаффонт 79,72 ұпаймен топ жарды.

Қазақстанның намысын қорғап жүрген 16 жастағы Аяулым Әмренова 52,78 көрсеткішпен 26-шы орынды иеленіп, финалға өте алмады.

Еске салайық, әйелдер арасында могулдың финалы 11 ақпанда өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 18:00-де.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version