Басты бетЖаңалықтарДепутат Мәулен...

Депутат Мәулен Әшiмбаевтың өкiлеттiгi мерзімінен бұрын тоқтатылды

«ҚР Конституциясының 52-бабы, 5-тармағына, «ҚР Парламентi және оның депутаттар мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес және орнынан түсу туралы өтiнiш негiзiнде, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшiмбаевтың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн ұсыным енгiзiп отыр», — дедi Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Бақыт Мелдешов.

Мәжiлiс депутаттар ұсынымға қолдау бiлдiрiп, дауыс бердi. Парламенттiң төменгi палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәжiлiсмен Мәулен Әшiмбаевқа жаңа қызметiнде табыс тiлеп, алғыс хат табыстады. Өз кезегiнде, мәжiлiсмен әрiптестерiне алғыс айтты.

Еске салсақ, Мәулен Әшiмбаев 2016 жылғы 25 наурыздан бастап VІ сайланымдағы ҚР Парламентi Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Ол 1 ақпан күнi «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

 

Дереккөзbaq.kz