Басты бетЖаңалықтарАстанада «Әкімге...

Астанада «Әкімге сұрақ қой» акциясы басталды

28 ақпан күні Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді. Кездесуде тұрғындар әкімге өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, жауабын ала алады.

Есептік кездесулерге қаламыздың барлық тұрғындары қатыса алмайтыны белгілі, сол себепті «Әкімге сұрақ қой» атты акцияны қолға алып отырмыз. Акция барысында сіз өзіңіз қалаған жүйе бойынша сұрақ қойып, жауабын ала аласыз.

Бүгіннен бастап қаланың әрбір тұрғыны өз сұрағын мынадай тәсілдермен қалдыра алады:

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы http://astana.gov.kz «Әкімге өтініш» айдарына;

— Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 109 номеріне қоңырау шалу және [email protected] электронды поштаға хат жазу арқылы немесе Facebook: http://m.me/astana109, Telegram: https://t.me/astana109bot ;

— Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы, жүктеуге арналған сілтемелер:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru . . .

https://itunes.apple.com/us/app/smart-astana/id1080928295 . . .

Барлық сұрақтар Қалалық мониторинг жедел ден қою орталығы өңдеп жауап беру үшін тиісті мемлекеттік органдарға бағытталады.

Акция 10 ақпанға дейін жалғасады.

 

Дереккөзbaq.kz