Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады

©astana.gov.kz

2018 жылдан бастап денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүниеге келген нәрестелерге конверттер табыстап жатыр. Оның ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер «Астана қаласының жасыл белдеуінің» аумағында орналасқан.

Осы күнге дейін экологиялық акцияға барлығы 35 ықтырма бөлінген. Сонымен қатар, қаланың №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.

Айта кетейік, «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық білімді насихаттап,  қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Один ответ для “Астанада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады”

  1. Осы игі іс біздің Атырауда да қолға алынса өте керемет болар еді өздері балаларына арнаған ағаштарын балаша мəпелер еді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version