Басты бет Жаңалықтар Facebook желісінде криптовалюта жарнамасы енді көрсетілмейді

Facebook желісінде криптовалюта жарнамасы енді көрсетілмейді

Facebook желісі криптовалюта жарнамасын жариялауға тыйым салды.

«Біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізіп жатырмыз», — делінген хабарламада.

Сервис, сондай-ақ пайдаланушыларды жаңа ережелерді бұзатын жарияланымдар туралы хабар беріп отыруға шақырады.

Бұған дейін Facebook пайдаланушыларға туыстары мен достарынан көбірек жаңалық алып отыруға, компаниялардың, брендтердің және БАҚ-тардың постары сияқты жарнамалық контентті азайтуға қатысты өзгерістер енгізгенін жариялаған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version