Басты бет Экономика Ұлттық банк криптовалютаға неге тыйым салмақ?

Ұлттық банк криптовалютаға неге тыйым салмақ?

ҚР Ұлттық банкі криптовалютамен операцияларды реттеуде неге назар аудару керектігін және криптовалютаға не үшін тыйым салатынын түсіндірді.

«Біріншіден, біздің елімізде біріңғай эмиссиялық орган жоқ және криптовалюта ешқандай жолмен сақтандырылмаған. Екіншіден, мұндай сандық валюталар жаһандық деңгейде реттеуді және сақтауды қажет етеді. Біз басқа елдердің экономикасын зерттеп көрдік. Тиісті шешімді мемлекеттік органдармен келісуіміз керек», -деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, екінші деңгейлі банктерге криптовалютамен төлем жасауға тыйым салынған.

«Криптовалютаның эмитенті жоқ. Демек, ешкім оған жауапкершілік алмайды және оның заңды түрде «ақша» немесе «төлем құралы» деген атауы жоқ. Қазақстанның жалғыз валютасы теңге. Криптовалютаға қатысты тікелей заңнама болмағанымен, криптовалюта айналымының өзі заңнамаға қайшы келеді»,- деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version