Араб әмірлігі ғарышта госпиталь салмақ

Бұл туралы Риа Новости мәлімдеді.

«Ғарышкерлерге ғарышта медициналық ем-дом жасалады. Бірақ, олар нанотехнологиялардың көмегімен Жерден бақыланады. Телемедицина тек госпитальда қолданылмайды, ол енді ғарышта да пайдаланылатын болады», — дейді министрлік өкілі Култхум аль-Белуши.

Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің 2020 жылға қарай Марс миссиясы басталған кезде жүзеге асырылмақ. Алдымен ғарыштағы госпиталь жобасы Жерде тестілеуден өтеді.