Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистені құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистені құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёге лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

©kazinform.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

«Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі. Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын», — делінген жеделхатта.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version