Басты бет Жаңалықтар Елбасы Финляндия Президентінен шақырту алды

Елбасы Финляндия Президентінен шақырту алды

Саули Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндия Республикасына сапармен келуге шақырды.

Елбасы Финляндияның ұлттық павильонындағы экспозициялармен танысып, «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан Қазақстанның көрме павильонын аралап көрді.

Екі елдің басшылары көрме кешенінің Конгресс-орталығында келіссөз жүргізді.

«Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияны әрдайым қолдап келеді», — деді Назарбаев.

Қазақстан Президенті екіжақты байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық технологиялар, білім және медицина сияқты салалардағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айтты.

С.Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесудің ұйымдастырылғаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаһандық және өңірлік өзекті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды.

— Сіздің екіжақты қарым-қатынас мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық проблемаларға қатысты пікіріңіз де мен үшін әрдайым маңызды. Қазір бүкіл әлем Қазақстанда өтіп жатқан келіссөздерге көз тігіп отыр. Бұл — Астанадағы Сирияға қатысты келіссөздер, — деді Финляндия Президенті.

С.Ниинистё Мемлекет басшысына ұлттық павильонмен танысқаны үшін алғыс айтып, Финляндияға сапармен келуге шақырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version