GIF форматындағы файлдарды қалай жасайды?

Imgflip сервисінде фото немесе видео арқылы гифка жасай аласыз. Қолдану тәсілі оңай. Мысалы, видео арқылы гифка жасағыңыз келсе, YouTube, Vimeo т.б. желілердегі видеоның URL-ын алып, сайтқа қоясыз. Гифкаңызға мәтін қоссаңыз болады. Сондай-ақ, қозғалу жылдамдығын арттырып немесе кемітуіңізге де мүмкіндік бар. Сервисте гифканың өлшемдерін өзгертуге болады. Бірақ 480px-тен жоғарыларды ақылы нұсқа да ғана пайдалана аласыз.

Gif, imgflip
Скриншот © imgflip.com

Cервиске сілтеме мұнда.

Ал біз тегін нұсқасымен мынадай гифка жасадық:

2. Ezgif

Суреттерден, видеолардан гифка жасауға мүмкіндік беретін сервистің бірі — Ezgif. Ағылшын тілінде болғанымен, қалаған гифкаңызды оңай жасай аласыз. Сайттың бірінші бетінде GIF Maker, Video to GIF бөлімдері тұрады. Суреттерден гифка жасағыңыз келсе, GIF Maker-ді таңдап, мұндағы «Файлды таңдау» батырмасын басыңыз.Ezgif-те әртүрлі форматтағы саны 2000-ға дейін файлды таңдай аласыз.

ezgif, гифка жасау
Скриншот © ezgif.com

Гифкаңызға мәтін жазсаңыз болады. Бір артықшылығы: сервис өзінің логотипін гифкаңызға қоймайды.

Сервистің сілтемесі мұнда.

3. Makeagif

Makeagif сервисінде компьютеріңіздегі фото/видеодан немесе YouTube, Facebook, т.б. желілердегі видеолардан GIF форматындағы файлдарды қиындықсыз жасай аласыз. Желілердегі видеоларды пайдалану үшін, сервиске URL-ын алып көшіруіңіз қажет. Сервис видеоны жүктегеннен кейін, гифканың қай секундтан басталып, қанша секундқа дейін жалғасу керегін белгілейсіз. Соңында » Create GIF» батырмасына басасыз, файл дайын болады.

makeagif, гифка жасау
Скриншот © makeagif.com

Cервиске сілтеме мұнда.

Біздің нұсқадағы гифка мынадай болды:

Қошқар мен теке - қазақша мультфильм

4. Гифка жасауға арналған мобилді қосымшалар

Гифка жасауға арналған тегін мобилді қосымшалар аз емес. Солардың бірі — iOS қолданушыларына арналған GIF Maker. Қосымшаны телефоныңызға тегін жүктеп, фото, видеодан гифкалар жасай аласыз. Ол үшін галереяңыздан қажет фото/видеоны таңдап, гифкаға айналдырасыз. Қосымшаны пайдалану оңай. Фонға музыка қойсаңыз болады, эффектілер саны да аз емес. GIF Maker қосымшасына сілтеме мұнда.

Gif Maker, гифка жасау
Скриншот © itunes.apple.com

Ал Android қолданушыларына арналған қарапайым қосымшаның бірі — Giphy Cam. Қосымша тегін. Смартфоныңыздың камерасымен қалаған фотоңызды түсіріп, оған дыбыс жазсаңыз да болады. Мұнда да саны көп эффектілер мен иконкаларды қалауыңызша таңдай аласыз. Goofle Play-гі рейтингісі — 4,2 Giphy Cam қосымшасына сілтеме мұнда.