Мұнай бағасы көтерілді

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,1 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 70,52 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерстері 0,63 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 66,14 доллар болды.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз