Геннадий Головкин «P4P-королі» атанды

«GGG — P4P-королі, жылдың үздік боксшысы, нокауттар проценті — 80% астам», — делінген WBC-тің Твиттердегі микроблогында.

2017 жылдың соңында атақты The Ring журналы Головкинді «P4P-королі» деп атады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 5 мамыры күні Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванштық кездесу өткізеді деп күтілуде. Боксшылар өткен жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста өткен олардың алғашқы айқастары тең аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белдіктеріне ие.