Басты бет Жаңалықтар 28 қаңтарда коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

28 қаңтарда коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

Қаңтардың 28-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасады, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.

©ilovedurban.co.za

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін үйретеді.

Сонымен қатар, мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетер жайт, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version