Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы полиция қызметкерлеріне GPS-бақылау құрылғысы орнатылмақ

Алматыдағы полиция қызметкерлеріне GPS-бақылау құрылғысы орнатылмақ

Алматы полициясы қызмет барысында түрлі жаңа технологияларды енгізбек.

Фото: 24.kz

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, GPS-бақылау құрылғысы учаскелік инспекторлардың қызметін қалтқысыз орындауын қадағалау үшін орнатылады.

«Былтыр осы камералардың арқасында 1 218 қылмыс ашылды. 21 мың 564 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі, 20 мың 801 жол ережесін бұзу дерегі анықталды.Сондай-ақ, Аудандық ІІБ кезекшілері бейнекамераларға түсіп қалған күдікті тұлғаларды дәлме-дәл уақытта таба алады. жүйеде  бір жерге шоғырланған адамдарды, иесіз қалған пакеттер мен қораптарды анықтайтын функция бар , — деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылдың соңына қарай тұрғын үйлердің 25%-ында бақылау камерасы орнатылады. Одан бөлек жол қауіпсіздігі ақпараттық жүйесін тағы 153 постқа кеңейту көзделген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version