Басты бет Жаңалықтар Екі пəтер және үш автокөлік учаскелік полиция инспекторларына берілді-Ақмола облысы

Екі пəтер және үш автокөлік учаскелік полиция инспекторларына берілді-Ақмола облысы

Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Талғат Ерсейітов ІІБ учаскелік полиция қызметкерлеріне екі пәтер мен үш автокөліктің кілтін тапсырды.

Облыстық ІІД дерегі бойынша Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай  аудандағы Николаевский селолық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Еркін Абдуллин жəне Қызылжар селолық округінің учаскелік полиция  инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Сəлімжан Ержанов қызметтік пәтерге ие болды.

Оған қоса, учаскелік инспекторлар Мирас Қасенов, Еркін Абдуллин және Мұрат Қошқарбаевқа үш «Нива» автокөлігі тапсырылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version