Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, GPS-бақылау құрылғысы учаскелік инспекторлардың қызметін қалтқысыз орындауын қадағалау үшін орнатылады.
«Былтыр осы камералардың арқасында 1 218 қылмыс ашылды. 21 мың 564 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі, 20 мың 801 жол ережесін бұзу дерегі анықталды.Сондай-ақ, Аудандық ІІБ кезекшілері бейнекамераларға түсіп қалған күдікті тұлғаларды дәлме-дәл уақытта таба алады. жүйеде бір жерге шоғырланған адамдарды, иесіз қалған пакеттер мен қораптарды анықтайтын функция бар , — деді ол.
Айта кетейік, 2018 жылдың соңына қарай тұрғын үйлердің 25%-ында бақылау камерасы орнатылады. Одан бөлек жол қауіпсіздігі ақпараттық жүйесін тағы 153 постқа кеңейту көзделген.