Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыптарды мойындамады

«Айыптау маған түсінікті. Айыпты мойындамаймын, прокурорлармен және жәбірленушілермен келісімге (айыптауды мойындау туралы) қол қоймаймын», — деді Ермегияев сот залында.

Бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отырған экс-басшының ісі бойынша 23 фигуранттың 14-і толығымен өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырыс барысында судья айыпталушылардан оларға тағылып отырған айыптар бойынша кінәсін мойындайтынын-мойындамайтынын сұрады: 12 фигурант, олардың арасында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы консультанты Қажымұрат Үсенов,  SHM+Architects ЖШС экс-директоры Шоқан Матайбеков, Rona LTD ЖШС жобалық компаниясының басқарушысы Орал Ибаділдина, Southfork ltd ЖШС директоры Сейіт Сейітов, Southfork ltd ЖШС бас директоры Нұрлан Ақпамбетов, «Құрылыс Консалтинг» АҚ өкілі Серік Найзабеков, «Компания АДКС» ЖШС экс-президенті Марс Шорманов, «АДС компаниясы» ЖШС құрылтайшысы Алпысбек Тілекметов, «Петроспек» ЖШС директоры Ерлан Тілеуов, жалған кәсіпорындар желісін ұйымдастырған Сергей Ильин, сондай-ақ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған Самат Сардарбеков пен Талғат Сағындықов кінәсін толығымен мойындап, өз істеріне өкінетіндерін жеткізді.

Тағы екі фигурант – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ «ЭКСПО құрылысының дирекциясы» филиалының экс-директоры Вячеслав Пягай, Талғат Ермегияевтің сенімді өкілі Ренат Ақылбаев кінәсін жарым-жартылай мойындады.

Ал бүгінгі сот отырысына экс-төрағаны қолдау үшін Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин келген. Сонымен қатар сот отырысы барысында Ермегияевтің ақша жымқыру тәсілі әшкереленді.

Еске сала кетсек, бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Ұлттық компанияның экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Тергеу нұсқасына сүйенсек, ұлттық компанияның бұрынғы төрағасы 4,2 млрд теңгені заңсыз иемденіп, талан-таражға салған. Егер сотта Ермегияевтің кінәсі дәлелденсе, онда экс-басшы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.

«Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Президент Астана халықаралық форумына қатысады

Ақорданың ресми сайты мемлекет басшысының қатысумен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.