Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тест: факт әлде миф?

©qmaconsultores.blog

Алма мен картоптың дәмі бірдей

Click to Flip
ФАКТ. Егер адамның иіс сезу немесе көру қабілеті болмаса, дәм сезу қабілеті алма мен картопты айыра алмайды. Олардың дәмі бірдей болып көрінеді.

Мамонттар пирамида пайда болмай тұрып жойылған

Click to Flip
МИФ. Мамонттардың соңғы тұяғы біздің заманымызға дейін 1600 жылдары жойылған. Ал бұл кезде Гиза пирамидасының салынғанына 1000 жыл болып үлгерді.

Сегізаяқтың 3 жүрегі бар

Click to Flip
ФАКТ. Сегізаяқ ерекше жаратылыс иесі. Оның үш жүрегі бар және қаны көк түсті.

Қара нанға қарағанда ақ нанда калория көбірек

Click to Flip
МИФ. Калория көлемі нан өнімдеріндегі майдың мөлшеріне байланысты. Диетолог мамандардың мәліметінше, қарапайым ақ нан мен қара нандағы калория мөлшері бірдей.

Жарығы нашар жерде оқу көздің көру қабілетін нашарлатады

Click to Flip
МИФ. Қараңғы жерде кітап оқу көздің шаршауына ғана себеп болады. Бірақ оның көру қабілетіне ешқандай әсері жоқ.

Бұлтта салмақ жоқ

Click to Flip
МИФ. Бұлт миллондаған су тамшыларынан құралған. Оның салмағы 500 тоннаға дейін барады.

Сағыз асқазанда 7 жыл бойы қорытылады

Click to Flip
МИФ. Сағызды қорыту басқа тағамдардан қарағанда қиынырақ. Алайда, асқазандағы сағыздың қорытылуы үшін 7 жыл уақыт керек емес.

Солақайлар аз өмір сүреді

Click to Flip
ФАКТ. Оңқайлар солақайларға қарағанда орташа есеппен 9 жыл ұзақ ғұмыр кешеді.

Тауық басы болмаса да өмір сүре алады

Click to Flip
ФАКТ. АҚШ-та Майк есімді тауық 1,5 жыл бойы бассыз өмір сүргені туралы таңқаларлық дерек тіркелген.

Адамның оң жақ өкпесі сол жағынан көлемдірек

Click to Flip
ФАКТ. Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа, сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп.

Share:

Один ответ для “Тест: факт әлде миф?”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version