Тест: факт әлде миф?

Адамдардың көпшілігі көргеніне емес, естігеніне сенеді. Кейде өз көзімізбен көрген дүниенің өзі алдамшы болады. Миф - аңыз. Біз сеніп жүрген жалған әңгімелер мен нағыз шындықты айыра аласыз ба? Тест арқылы анықтап көріңіз.

Тест факт әлде миф
©qmaconsultores.blog

Солақайлар аз өмір сүреді

Суретті бұру үшін шертіңіз
ФАКТ. Оңқайлар солақайларға қарағанда орташа есеппен 9 жыл ұзақ ғұмыр кешеді.

Адамның оң жақ өкпесі сол жағынан көлемдірек

Суретті бұру үшін шертіңіз
ФАКТ. Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа, сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп.

Сағыз асқазанда 7 жыл бойы қорытылады

Суретті бұру үшін шертіңіз
МИФ. Сағызды қорыту басқа тағамдардан қарағанда қиынырақ. Алайда, асқазандағы сағыздың қорытылуы үшін 7 жыл уақыт керек емес.

Алма мен картоптың дәмі бірдей

Суретті бұру үшін шертіңіз
ФАКТ. Егер адамның иіс сезу немесе көру қабілеті болмаса, дәм сезу қабілеті алма мен картопты айыра алмайды. Олардың дәмі бірдей болып көрінеді.

Тауық басы болмаса да өмір сүре алады

Суретті бұру үшін шертіңіз
ФАКТ. АҚШ-та Майк есімді тауық 1,5 жыл бойы бассыз өмір сүргені туралы таңқаларлық дерек тіркелген.

Бұлтта салмақ жоқ

Суретті бұру үшін шертіңіз
МИФ. Бұлт миллондаған су тамшыларынан құралған. Оның салмағы 500 тоннаға дейін барады.

Сегізаяқтың 3 жүрегі бар

Суретті бұру үшін шертіңіз
ФАКТ. Сегізаяқ ерекше жаратылыс иесі. Оның үш жүрегі бар және қаны көк түсті.

Қара нанға қарағанда ақ нанда калория көбірек

Суретті бұру үшін шертіңіз
МИФ. Калория көлемі нан өнімдеріндегі майдың мөлшеріне байланысты. Диетолог мамандардың мәліметінше, қарапайым ақ нан мен қара нандағы калория мөлшері бірдей.

Жарығы нашар жерде оқу көздің көру қабілетін нашарлатады

Суретті бұру үшін шертіңіз
МИФ. Қараңғы жерде кітап оқу көздің шаршауына ғана себеп болады. Бірақ оның көру қабілетіне ешқандай әсері жоқ.

Мамонттар пирамида пайда болмай тұрып жойылған

Суретті бұру үшін шертіңіз
МИФ. Мамонттардың соңғы тұяғы біздің заманымызға дейін 1600 жылдары жойылған. Ал бұл кезде Гиза пирамидасының салынғанына 1000 жыл болып үлгерді.

Share:

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!