Әскерге кімдер шақырылмайды?

Әскери борышынан бостылатындар:

  • Бейбіт кезеңде әскери қызметке денсаулық жағдайына байланысты өтпей қалғандар;
  • 27 жасқа дейін заңды негізде мерзімді әскери қызметке шақырылмағандар;
  • Әскери қызметті өтеу кезінде міндетін орындау барысында туыстарының бірі көз жұмса немесе мүгедек (бірінші және екінші топтағы) болса;
  • Әскери қызметті басқа мемлекетте өткендер;
  • Ғылыми дәрежесі барлар;
  • Тіркелген діни бірлестіктердегі дін қызметкерлері;
  • Өз кезегінде әскери жиындардан қорғанысты, қауіпсіздікті әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда меморгандарда жұмыс істейтіндер;
  • Мемлекеттік, азаматтық әрі эксперименттік авиацияның қызметкерлері;
  • Егін егу мен астық орағы науқанында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер;

Сондай-ақ, оқу жылы кезеңінде күндізгі оқыту режиміндегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері; күндізгі оқу тәртібінде білім алып жатқандар; әскери міндетті әйелдер; 18 жасқа дейін үш немесе одан көп балалары барлар; алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық ісі сотпен қаралып жатқанға адамдар; ҚР Парламентінің немесе жергілікті өкілдік органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.

ДереккөзInform.kz