Футболшылардың жалақысы төмендеді

УЕФА-ға мүше елдердің арасында футболшыларға ең көп жалақы Англия чемпионатында төленеді. Премьер-Лига клубының орташа жалақы тізімдемесі 153,9 млн еуроны құрайды. Бұл екінші орындағы Германия чемпионатынан екі есеге (75,3 млн еуро) көп. Үшінші орында 73,5 млн еуромен  Испания лигасы тұр. Үздік бестікте сондай-ақ Италия (68,2 млн еуро) мен Франция (51 млн еуро) чемпионаттары бар.

Сонымен қатар УЕФА есебінде Қазақстан Премьер-Лигасында жалпы жалақы мөлшерінің азайғаны көрсетіледі. Бұдан бөлек, Ресей, Грузия, Македония және Уэльс чемпионаттарындағы теңбіл доп шеберлерінің де жалақысында төмендеу байқалады.

Дереккөзkazinform.kz