Басты бетЖаңалықтарОрамал тағатын...

Орамал тағатын оқушылардың ата-аналары арнайы мектеп ашуға құқылы — Нұрлан Ермекбаев

«Мұндай мектептерді ашуға қазір жағдай бар. Егер сондай ата-аналар болса, оларды (балаларын – ред.) орамал тағып немесе хиджап кигізіп мектепке жіберетін болса, олар өздері жиналып, демеушілер іздеп, ондай жеке мектептер ашуына құқығы бар, — деді Нұрлан Ермекбаев Астанада үкімет жиынынан соң журналистерге.

Еске салайық, 9 қаңтар күні Ақтөбеде «орамал дауына» байланысты қыздары сабаққа кіре алмай жүрген тұрғындар парламент депутаты Бақытбек Смағұлға шағымданды. Жиналғандар депутаттан орамал дауын шешудің бір жолы ретінде дін ұстанатын оқушы қыздар үшін арнайы мектеп-медресе салу жолдарын қарастыруды сұраған.

ДереккөзAzattyq.org