«Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
Елбасының бұл сапарынан көп жаңашылдық күтеміз. Игі істер жалғасын таба береді деген үміттеміз.
Жақсы бір кездесу болады деген ойдамын. Мен үшін көптен күткен жүздесу деп айтар едім.
Қазақстан қазір әлем назарында. Жасалған барлық қадамдарымыздың өз жемісін алда көреміз!