Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев туралы…

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972,1976,1982). 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.

©Жеке мұрағатынан, әкесі Меңдіахмет, анасы Зәуре

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

Отбасы

Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы, тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зуһра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зуһра Шәріпқызы «ұлықтың әйелімін» деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде-бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата-енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған. Сондай-ақ Зуһра Шәріпқызы қолынан өнер тамған ісмерлігімен, еңбекқорлығымен де дараланған.

©Жеке мұрағатынан, жары Зуһра Шәріпқызымен

Өз перзентінің болмағанына қарамастан, Димекең бала көрсе еркелеткісі келіп тұратын өте бауырмал адам болыпты. Содан да інісінің балаларын әкелік мейіріммен бауырына басқан, олардың және басқа да іні-қарындастарының оқып білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне себепші болып отырған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту комбинаты мен Лениногор қорғасын-мырыш комбинаты сынды еліміздегі ең алып өндіріс орындарында қызмет істеген Димаш Ахметұлы бірте-бірте Ғылым академиясының президенттігіне жоғарылаған. Одан кейінгі өмірінің бәрі де партия-кеңес органдарында, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде қызметте өтеді. 10 жылдай Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде төрағаның орынбасары, төраға, 27 жыл Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болады. 

©voxpopuli.kz

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірінің хронологиялық тізбесі:

  • 1912 – 12 қаңтарда қазіргі Алматы қаласында (ол кезде Верный) дүниеге келген.
  • 1930 – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіреді.
  • 1931-1936 –  Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында оқиды.
  • 1936 – институтты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алып, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне жұмысқа жіберіледі.
  • 1937-1939 – Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы болады.
  • 1939 – «Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалады.
  • 1939 – жары Зуһра Шәріпқызымен некелеседі.
  • 1939 – КОКП мүшелігіне қабылданады.
  • 1942-1952 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
  • 1949 – «Қоңырат мыс кенішін қазу» атты ғылыми еңбегі жарыққа шығады.
  • 1952 – Қазақ Ғылым Академиясының академигі және Президенті болып сайланады.
  • 1955-1960 – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарады.
  • 1960-1962 – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарады.
  • 1962-1964 – Өзбекстанға мақталы аудандарды қосуға қарсы болғаны үшін билік тізгін И.Юсуповқа беріп, қайтадан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады.

Қазақстан өнеркәсіптік өндірісте – 8,9 есе, ауыл шаруашылығында – 6,2 есе, құрылыс саласында – 68 есе, халық саны жөнінен – 2,5 есе өсті. Қонаев небәрі 22 жасында елді осындай жетістікке жеткізді.

  • 1964 – Хрущевтің орнына Брежнев келген соң Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып тағайындалады.
  • 1966-1970 – Социалистік Еңбек Ері атағы, Ленин ордені, «Орақ пен Балға» алтын белгісі тапсырылады. Алматыда көзі тірісінде ескерткіш-бюст орнатылды.
  • 1978 – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» еңбектері жарыққа шығады.
  • 1982 – үшінші рет Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
  • 1986 – 16 желтоқсан күні Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбинды тағайындады. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
  • 1987 – 26 маусымдағы пленумда Қонаев «Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-нің мүшелігінен босатылады.
  • 1992 – Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылады.
  • 1992 – «О моем времени» атты кітабы жарыққа шығады. Осы жылы кітап қазақшаға аударылып, «Өтті дәурен осылай» деген атпен жарияланады.
  • 1993 – 22 тамызда Дінмұхамед Ахметұлы Алакөл ауданының Ақши ауылында жүрегінен екінші рет инфаркт алып дүниеден озды.
  • 1994 – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражай-үйі ашылып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи мұраларын сақтауға байланысты бағдарламалы жұмыстар қолға алынды.

Халқы адалдығына сенетін кемеңгер тұлға 1993 жылы тамыздың 22-де, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Дінмұхамед Ахметұлы соңғы демі таусылғанша елмен емен-жарқын араласып өтті. Естелік кітаптар жазды, кездесулерге барды. Ең ақырында  Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейто­йына қатысу мақсатымен Сарқантқа сапар шекті. Сөйтіп, соңғы демі өзі идеал тұтқан бірегей тұлға туған топырақта үзілді.

©dostoprim.almaty.kz

Естелік…

Дінмұхамед Ахметұлын білетіндер өте қарапайым адам болғанын, тіпті жұмысқа жаяу барғанын айтады. Оның 50 жыл ел басқара тұрып, жұмыстан кеткенінде төрт бөлмелі пәтерінен басқа бір артық дүниесі болмағанын халық әлі күнге дейін таңданыспен айтады. Дінмұхаммед Қонаев – текті әулеттің ұрпағы. Оның отбасынан үш академик шыққан. Ал әулеттен 15-ке жуық ғылым кандидаттары тағы бар. Халық ұлына айналған Дінмұхамедтің есімін қажылыққа екі рет жаяу барып қайтқан атасы Жұмабай қойған.

11 пікір

  1. Өте мың жылда бір туатын аптал азамат ,кемеңгер,ақылды жаны жайсаң жатқан жері жайлы болсын халқы еш ұмытпаитын адал жан

  2. бала кезімде аты есімде жатталып қалған .Атамның ауылына келгені есімде ауылдарды жиі аралаған .халыққа қызмет көрсеткен тұлға .Жатқан жері жайлы болсын.

  3. Алланың қазақ халқына жіберген нар тұлғасы. Халықты бодандықтан алып шығуда көшбасшы болды.

  4. Атамыз туралы тек жақсы естеліктер оқып жүрміз.Өте қарапайым адам болған екен
    .

  5. Нағыз халық үшін қызмет еткен адал адам .Өте қарапайым адам болған екен,өкініштісі артында ұрпағы қалмағаны…

  6. Жүзі жайсаң барлық елге жар салып мақтанатындай қазақ азаматы. 22 жаста осындай жетістікке жету анау-мынау адамның қолынан келе бермейді.

  7. Өте керемет кісі болған екен 1-ғасырда 1-рет туылатын адал жанды кісі болған қарапайым кісі екен .

  8. Атамыздың жатқан жері жаннат болсын. Бізді де оларға лайықты ұрпақ етсін Раббым Аллаһ. Амин.

  9. Алланың нұры жаусын!Өте керемет адам болған.Алла жəннатті етсін.Осындай елім жерім деп ойлайтын адамдар көп болсағой шіркін

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!