Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі төмендеді. Заң бойынша жүргізушілерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, биылдан бастап педофилдер химиялық жолмен жазаланады. Ал, қаңтардың бірінен бастап ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі өзгерді.
Мәселен, көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қаңтарғандарға бірінші қаңтардан бастап 22 мың теңге айыппұл салынады. Осыған дейін оның көлемі 113 мың теңге болатын. Ал, қарсы жолаққа шыққан көлік иелері осыған дейін бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, енді екі ай көлік тізгіндемейді.
Педофилдерді химиялық піштіру жазасы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енді. Химиялық кастрация қолдануды сот шешеді. Сотталушы бостандыққа шыққаннан кейін де 3 жыл қатаң бақылауда болады.
Осы жылдың шілде айынан бастап елімізде базалық зейнетақы мен жәрдемақы 8 пайызға өседі. Осылайша, зейнетақының төменгі мөлшері 49 мың, орташа көлемі 71 мың теңге болмақ. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңгеге дейін көтерілді.