Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Армандар орындалатын мекен — ҚазҰУ

Шет елде оқу мен тағылымдамадан өту қызықтырса біз ең алдымен «Болашақ» бағдарламасына назар аударатынымз анық. Алайда, мен білім алып жатқан сүйікті ордамның Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, оның ішінде химия және химиялық технология факультетінің студенттер үшін туғызып отырған мүмкіндіктері қаншама.

Жыл сайын ҚазҰУ студенттері мен магистранттарын шет елде білім алуы үшін, әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберіп жатыр. Ешқандай бағдарлама іздемей, шетелдік елшіліктердің, мәдени орталықтардың және білім қорларының ресми сайттарын бақыламай, ойымызды сан-саққа жүгіртпей шет елге барып, білім алып, қысқа мерзімде болса да үлкен тәжірибе алмасып қайтуыма бағыт –бағдар беріп,үлкен мүмкіндік сыйлаған «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Аубакиров Ермек Айтқазыұлына, кафедра меңгерушісінің орынбасары, х.ғ.к., Смагулова Назым Тлеутайқызына және ғылыми жетекшім, х.ғ.к., доцент Ешова Жания Турлухановнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Қараша айында Испания елінің Валенсия университетінде тағылымдамадан өтіп, тек қана білім алып қоймай, басқа мемлекетті көріп, олардың мәдениеті мен өмірімен танысуға мүмкіндік алдым.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің болашағы – білімді жастар» — деген сөзі бізге қанат бітіріп, жігер, күш сыйлайды. Шет елде алған тәжірибемізді «туған жерге туың тік» деген ұстаныммен өз өлкемізге барып жүзеге асырсақ, оның өзі ел дамуына қосқан титтей де бір үлесіміз деп білемін!

Жалғасбаева Ақниет Жексенбайқызы

Химия және xимиялық теxнология факультеті 2-курс магистранты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version