Твумасиді түркиялық футбол клубы сатып алды

Түркиялық «Бурсаспорт» пен елордалық «Астана» ганалық шабуылшы Патрик Твумасидің трансфері туралы келісімге келді.

Қазақстандық клуб шабуылшыны 1,5 миллион еуроға сатуға келісімін беріпті. Бұған дейін елордалық клуб Твумаси үшін 2 миллион еуро талап еткен болатын.

23 жастағы Патрик Твумаси 2013 жылдан бері «Астана» сапында. Биылғы маусымда ол Қазақстан біріншілігінде 30 кездесу өткізіп, 14 гол және 5 нәтижелі пас берген. Оның елордалық клубпен 2019 жылдың соңына дейін келісімшарты бар.

ДереккөзVesti.kz