2017 жылы жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 1,6 трлн теңге болды. 2 млн-нан астам зейнеткерлердің зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артты.
Ал, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға өсті.
2018 жылдың 1-шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 — қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1-қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлап отыр. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 — шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады.