Теннисші Зарина Дияс рейтингте 60-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық Зарина Дияс бірден алты сатыға көтерілді. Ол қазір 60-орында.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 50-орында келеді.

Әлемдік рейтингтің көшін румыниялық Симона Халеп бастаса, содан кейінгі екінші, үшінші орынды даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса бөлісуде.

Еске сала кетейік, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қаласында өткен халықаралық турнирде Зарина Дияс ширек финалға дейін жетіп, ресейлік Мария Шараповадан жеңіліс тапқан болатын.

Ал кеше Хобарт (Австралия) турнирінде жапониялық Наоми Осаканы ұтқан Юлия Путинцева екінші айналымда осы жарыстың бесінші ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен күш сынасады.

ДереккөзVesti.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз