Ninety One жігіттері алдымен өткен аптада шыққан Ah! Yah! Mah! әнін орындады. Содан соң дебюттік әндері «Айыптаманы» шырқады.
«Қазақстандық Ninety One тобы. Кореяда бірінші рет жаңа әннің тұсауы кесілді», — деп жазды Ким Бюль.
Олар Хондэ ауданындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өнер көрсетті. Әдетте мұнда әр сенбі сайын жергілікті уақытпен сағат 15.00-22.00 арасында би қойылымдары өтеді. Корей Арбатында бишілер жарысып, өзара мықтыны анықтайды.
Бұдан бөлек, Ninety One тобы 10 қаңтарда Сеулде жанкүйерлермен кездесу (фан-митинг) өткізбек.
«Біз Сеул қаласындамыз. Сіздерде Ninety one тобына сұрақ қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдап және фан-митингке қатысу мүмкіндігі туып отыр. Сіздерді 10 қаңтар күні сағат 19:00-де Student Union Building of Sejong University-де күтеміз. Кіру тегін», — деп жазған топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында.