Қарағандыда қар жауып тұр. Бұл әуе рейстерін жасауға қолайсыз. Сол себепті Алматыға ұшуы тиіс екі рейс тоқтатылған. Ал Қарағанды-Жезқазған рейсі 26 желтоқсанға шегерілген. Егер ауа райы тұрақтанбаса, бұл дата өзгеруі мүмкін. Қазір жолаушылардың жартысы билеттерін кассаға қайтарған. Бір бөлігі әуе компаниясының қаржысына қонақүйге орналастырылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысы шектелді.