Ауа райына байланысты Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылады

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Павлодар — Шарбақты» (0-112 км, Павлодар — РФ шекарасы) автожолында, Павлодар — Қарағанды және Павлодар — ШҚО шекарасы бағыттарында жолдарда қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысында «Омбы — Майқапшағай» (585-733 км, Павлодар облысының шекарасы — Семей) автожолы, «Семей — Курчатов» (4-130 км) автожолы учаскесіндегі қозғалыс көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында, Алматы облысында Алматы — Өскемен жолының 558-615 километрлері аралығындағы учаске жолаушы және жүк автокөліктері үшін жабық.

ДереккөзInform.kz