Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда паспорт...

Қазақстанда паспорт жасату бағасы қымбаттау мүмкін

Парламент аталған ұсынысты қолдады. Мұнымен қатар, олар тұрғылықты және уақытша мекен-жайы бойынша тіркелуге төленетін мемлекеттік баж салығын алып тастауға келісті. Аталған өзгерістер Президенттің қол қоюын күтіп отырған Салық кодексіне енгізілді.

Жобаға сәйкес, шетелге шығуға арналған паспорттарды жасату бағасы жаңа жылдан кейін өседі деп күтілуде. Енді қазақстандықтар 9 мың теңге орнына 19 мың 240 теңге төлеулері мүмкін. Ал тіркеу үшін салынатын мемлекеттік баж салығының құны – қазір 227 теңге.

Дереккөзbaq.kz