Жаңа жыл кешінде қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану керек?

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жаңажылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

ТЖК жаңа жыл кешін өткізу кезінде мына іс-шараларға қатаң тыйым салады:

  • салют пен шырша шартылдағын жағуға;
  • фейерверк және басқа да өртке қауіпті жарық эффектілерін орнатуға;
  • шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ дәкемен және мақтамен безендіруге;
  • балаларды тез тұтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;
  • жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге;
  • бөлме терезелерін қараңғылауға;
  • терезе торлары ашылмаған ғимараттарда іс-шаралар өткізуге;
  • бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге жол берілмейді.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мəліметінше, адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі шарттар орындалуы тиіс:

  • кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген, терезе торлары ашылған, 2-қабаттан жоғары емес ғимараттар ғана пайдаланылады;
  • шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей және орынжайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орнатылады;
  • иллюминацияны электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындау қажет. Иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндіріледі;
  • іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал бөлмелерінде жауапты адамдардың, өртке қарсы құрылым мүшелерінің немесе өртке қарсы қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру қажет.

Іс-шаралар өткізілетін орынжайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

ДереккөзBaq.kz