10-сынып оқушысы мобильді күнделік құрастырды

Қазір Ержанның өнертабысын еліміз бойынша 3 мыңнан аса оқушы пайдаланады екен.

«Бағдарламаны жасауға бізде веб-сайт бар. Ол жерде бағаны көруге болады. Бірақ ол жерде қолдану қиын, көбіне істемейтін болды. Мен осы бағдарламаны жасау арқылы осы мәселені шештім деп ойлаймын. Менің ойымша, басқа елдерде осы сияқты бағдарламалар бар. Себебі ол жерде Назарбаев зияткерлік мектебіндегі сияқты жүйе қолданылады», — дейді Ержан Қабдыхайыров, жас өнертапқыш.

Мектеп ұстаздарының айтуынша, басқа салалар бойынша да үздік жұмыс жасаған оқушылар көп. Олардың кейбірі шәкірт алмасу бағдарламасымен қазір шет елдерде білім алып жатыр.

«Жобалардың ішінде «Қазақ әндері», «Қазақ күйлері», «Туған елге тағзым» деген экспедиция бар. Содан кейін бір көшенің тарихы, бір әннің тарихы, бір күйдің тарихы дегендер бар. Бұлардың барлығы балаларға жобалық жұмыс ретінде беріледі. Балалар ізденіп жүріп тауып, соған жауап қарастырады. Назарбаев мектебінің шәкірттері халықаралық талап бойынша білім алып қана қоймай, мәдени, рухани саланы да тереңдетіп оқиды», — дейді Күләш Шамшідинова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ басқарма төрайымы.

Дереккөз24.kz