Басты бет Жаңалықтар Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Қазақстан билігінің шақыруымен 25-26 желтоқсанда ресми сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы Бішкекте журналистерге Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожаева айтты.

Фото: Ru.sputnik.kg

Сапар барысында Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Екі ел басшылары Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Ал 26 желтоқсанда Қырғызстан басшысы ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Мәскеуге барады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version