Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ның ғарыш кеңістігін пайдалану туралы Жарлыққа қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ның ғарыш кеңістігін пайдалану туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды.  

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

10 қазан күні Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» №561 Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынасәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясының жобасы мақұлдансын.

      2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 561 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

Осы құжатпен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясының жобасы мақұлданды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version