Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Голос.Діти» байқауының жеңімпазы Данэлия Тулешовамен кездеседі

©YouTube.com

Кездесу барысында Данэлия Тулешова жақында өткен телевизиялық шоу жайлы пікірлерін айтып, өзінің жоспарларымен бөліседі.

Еске салайық, алматылық 10 жасар Данэлия Тулешова Украинадағы «Голос.Діти» ән байқауында жеңіске жеткен еді. Ол байқаудың финалында «Океан Ельзи» тобының орындауындағы «Не твоя війна» атты әнін шырқап, көпшілікті тәнті етті.

Айта кетейік, Данэлияның есімі “дән елі” деген мағынаны береді. Әкесі де, анасы да  -қазақ. Кәсіби вокалдан бөлек, Данэлия математика, физика пәндерін, қазақ, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқитын курстарға қатысады. Бұл туралы ата-анасы «31-арнаға» берген сұхбатында айтқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version