Бала көтере алмаудың себебі неде?

Бала көтере алмау себебін дәрігерлер анықтай алмаған әйелдерде тиротропин гормонының мөлшері бедеулік белгісі бар әйелдерге қарағанда көп болады екен.

Ал мұндай әйелдер саны (гормон мөлшері 0,117 нанограммнан артық) белсіз ерлерге тұрмысқа шыққан әйелдер санынан екі есе артық болып шықты.

Зерттеушілер 2000 және 2012 жылдары Бостондағы Partner HealthCare System ауруханаларына қаралған 18 бен 39 жас аралығындағы жұптардың мәліметтерін саралай келе осындай шешімге келді.

«Тиротропин мөлшірінің көп болуы бала көтергісі келген әйелдерге кері әсер етуі мүмкін», — дейді зерттеушілердің бірі Паунех Фазели.

Тиротропин бас миының алдыңғы гипофизінен бөлінеді. Оның қан құрамындағы мөлшерінің артуы қалқанша безінің жұмысын нашарлауына алып келеді.

Дереккөзtengrinews.kz